"Бақытты қала" кітабінің презентациясы.

Әйгілі урбанист және журналист Чарльз Монтгомеридің кітабы қазақ тіліне аударылды.

«Kantai» баспасы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қауымдастығымен бірлесе отырып «Бақытты қала» («Счастливый город. Как городское планирование меняет нашу жизнь») атты әлемдік бестселлерді қазақ тілінде ұсынды.

Чарльз Монтгомери көптеген жылдар бойы әлемнің қалаларын аралап, оқырмандармен өз тәжірибесімен бөліседі. Бұл кітап психология, неврология және қалалық эксперименттер жайлы жаңа түсіктер жінаған, сонымен қатар Монтгомеридің қалалық тәжірибелерінен де деректері бар. Бұл кітап қалалар біздің ой бен мінез-құлқымызды қалай қалыптастыра алатынын көрсетеді. Автор бақытты қала әлемді құтқара алатынына және біз бәріміз оның құрылысына көмектесе алатынына сенімді.


Кітапты еліміздің кітап дүкендерінен сатып алуға болады, және кітапханаларда да ұсынылған. Сонымен қатар, бұл практикалық нұсқаулық Қазақстанның салалық білім беру мекемелерінің жас урбанистеріне тегін ұсынылады.

«Атақты урбанист Чарльз Монтгомеридің «Бақытты Қала» кітабы біздің қала өмірі мен қаладағы кез келген адамның бақыты туралы түсінігімізді аударып түсіреді. Нақты мысалдарды қолдана отырып, ол қала құрылысы мен бақыт туралы ғылымның қиылысындағы сұрақтардың жауабын көрсетеді. Бұл еңбектің аудармасының мақсаты - қоғамдағы қала құрылысының озық тәжірибесі туралы идеяларды жинақтау және уранистика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан кітабінің мәнін қазақтілді оқырманға жеткізу», - «Kantai» баспасы директоры Асқар Әбдіразақов.

Серіктестер
Біз қоғамдық бірлестіктермен, сараптамалық ұйымдармен, оқу орындарымен және басқа да көптеген серіктестіктерімізді үнемі кеңейтіп отырамыз.

Егер сіз ынтымақтастыққа қызығушылық танытсаңыз, мұнда сұрау қалдыруыңызды сұраймыз, біз сізге тез арада хабарласамыз!
Байланыс ақпараттары
+7 701 589 2093
q88cities@gmail.com
Нұр-Сұлтан: Сарайшық к-сі, 11А, 2 қабат