Урбанистика туралы қандай кітаптар оқуға болады?
Қәзіргі уақытта «Болашақ» қауымдастығымен және “Kantai” баспасымен бірлесе отырып, урбанизация саласындағы екі әлемдік бестселлер қазақ тіліне аударылды: Чарльз Монтгомери «Бақытты қала» (Счастливый город) және Джанет Садик-Хан, Сет Соломонов «Қала үшін күрес». (Битва за города. Как изменить наши улицы).
«Бақытты Қала» кітабында күнделікті психология мен қала құрылысынан мәліметтер жинақталған. Автор өзінің жеке тәжірибелері негізінде дұрыс ұйымдастырылған өмір кеңістігі жеке адамдардың және қоғамның сезіміне, ойы мен мінез-құлқына қалай әсер ететінін көрсетеді. Әр түрлі қалалардың тәжірибелерің талдай отырып, ол әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Кітапта қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктегі өзгерістер қала тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты және қаладағы қауіпсіздіктің сапасына әсер еткен мысалдар келтірілген. Атап айтқанда, Коппенгаген мен Богота қалаларында.
«Қала үшін күрес» (Битва за города. Как изменить наши улицы.) кәтабі XX ғасыр аяғында қала өмірінің қиындықтарын сипаттайды. Әлемдегі ең ірі қалалардың бірі Нью-Йорк мысалға алынып, оның тұрғындарына жайлылық туғызу үшін көптеген мәселелер шешілгенің айтады. Мысалы жайлы көшелер мен тротуарлар, велосипедтерді жалға алу алаңдары, демалыс аймақтары, қоғамдық көліктердегі мәселелерді шешу жол апаттары және жол-көлік оқиғаларын азайтты.
Аталмыш кітаптарды кітапхана сөрелерінен табуға болады, сонымен қатар еліміздің кітап дүкендерінен сатып алуға болады.