Біз қала құрылысы, сәулет, және қала басқару саласындағы мамандарды, инженерлерді, қоғамдық бірлестіктерді және барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа шақырамыз.
Q88 қауымдастығының мүшесі болу үшін келесі критерийлерге сай болу керек:
1. Сәйкес жұмыс тәжірибесі немесе білімі
2. Қауымдастық мүшесінен кемінде 2 ұсыныс
3. Ұйымнан/компаниядан кемінде 1 ұсыныс
Жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі байқау кеңесінің отырысында айына бір рет өтеді.
Q88 қауымдастығына мүшелік не береді?
1. Сарапшылар қатарына кіру
2. Ұсыныстар мен зерттеулерді жасауға үлес қосу мүмкіндігі
3. Білім беру платформасы мен сертификаттау бағдарламасына кеңейтілген қол жетімділік