18-21 мамыр аралығында Q88 Аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы UN-Habitat және Әзербайжан Республикасының Үкіметі ұйымдастырған Бакуде World Urban Forum Дүниежүзілік қалалар форумының 13-сессиясының (WUF13) жұмысына қатысты. Форумға 180-нен астам елден өкілдер қатысып, тұрақты қалалық дамудың келешегі, урбанизацияның заманауи сын-қатерлері және қала жоспарлау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
18 мамыр күні форумның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев, UN-Habitat ұйымының Атқарушы директоры Аннаклаудиа Россбах, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш және БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Анналена Бербок қатысты.
Q88 қауымдастығы тұрақты, инклюзивті және инновациялық болашақ қалаларын дамытуға арналған халықаралық диалогқа қатысты. Форум аясында әртүрлі мемлекеттердің павильондары ұсынылған халықаралық көрме ұйымдастырылып, онда Қазақстан да таныстырылды.
19 мамыр күні Q88 қауымдастығының өкілдері заманауи технологиялар, тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналған бірқатар тақырыптық сессияларға қатысты.
“From Data to Decisions – AI, Spatial Analysis and Housing for All” сессиясы тұрғын үй саясаты мен қалалардың тұрақты дамуы саласында шешім қабылдау тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллектіні, кеңістіктік талдауды және urban mapping құралдарын қолдануға арналды.
“The Future of Urbanisation – How Will Your City Change Over the Next Decades?” сессиясы барысында демографиялық өзгерістер, технологиялық даму, климаттық сын-қатерлер және көші-қон үдерістерінің әсерінен қалалардың ұзақ мерзімді трансформациясы талқыланды.
“UNESCO Creative Cities and Sustainable Urban Development” сессиясы мәдениет, креативті индустриялар мен қалалық қауымдастықтардың тұрақты әрі қолайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы рөліне арналды. ARCHICA (Қазақстан) ұйымдастырған “Shared Waters, Shared Futures – Central Asia Collaborates on a Common Water Agenda” іс-шарасына ерекше назар аударылды. Оның аясында трансшекаралық су ресурстары, өңірлік ынтымақтастық және Орталық Азияның тұрақты болашағы мәселелері талқыланды.
20 мамыр күні Q88 қауымдастығы Speed Dating: Housing Problems Meets Solvers networking event форматында өткен “Speed Dating: Housing Problems Meets Solvers” іс-шарасына қатысып, сөз сөйледі. Group93 ұйымдастырған бұл іс-шара тұрғын үй саясаты, тұрақты қалалық даму және салааралық өзара іс-қимыл бағыттарындағы практикалық шешімдерді іздеуге арналды. Іс-шараға түрлі елдердің өкілдері, сондай-ақ UN-Habitat сарапшылары мен серіктестері қатысты.
Сол күні қауымдастық өкілдері форумның бірқатар бейінді сессияларына қатысты.
“Geospatial Intelligence for Resilient Urban Growth: Unlocking the Economic Power of Housing” сессиясы қалалардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында геокеңістіктік деректерді, цифрлық карталар мен аналитикалық құралдарды пайдалануға арналды. European Commission, World Bank, OECD және European Space Agency сарапшылары тұрғын үй қорын, климаттық тәуекелдерді, әлеуметтік теңсіздікті және көлік қолжетімділігін талдауда ашық деректерді қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
“No Good Housing Without Good Transportation” сессиясы тұрғын үй саясаты мен көлік инфрақұрылымының өзара байланысына, сондай-ақ тұрғын үйді, көлікті, инфрақұрылымды және жұмыспен қамтуды біріктіретін қалаларды кешенді дамыту тәсілінің маңыздылығына арналды.
“Towards an International Landscape Convention: Foundation for Housing” сессиясы жайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы ландшафттың, қоғамдық кеңістіктердің және экологиялық тәсілдердің рөліне, сондай-ақ табиғи шешімдерді қалалық дамуға интеграциялау мәселелеріне арналды.
21 мамыр күні, форумның қорытынды күнінде, Q88 қауымдастығы халықаралық пікірталастар мен бейінді іс-шараларға қатысуын жалғастырды.
“Global Launch of the Master of City Administration (MCA) Program” сессиясы Италияда, Сауд Арабиясында және Оңтүстік Африка Республикасында қалалық басқару саласындағы халықаралық білім беру бағдарламасын іске қосу және қалалардың тұрақты дамуына арналған жаңа буын мамандарын даярлау мәселелеріне арналды.
“15 Minutes from Home” сессиясы тұрғындар үшін негізгі қызметтер мен қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға бағытталған «15 минуттық қала» тұжырымдамасын дамыту мәселелерін қамтыды.
Сондай-ақ қауымдастық өкілдері тұрғындарды, сарапшыларды және ұйымдарды шешім қабылдау мен қалалық жоспарлау үдерістеріне тартуға арналған “Stakeholders to Shared Decisions: Participatory City-Making Game Workshop” интерактивті воркшопына қатысты.
Q88 қауымдастығының WUF13 форумына қатысуы халықаралық тәжірибе алмасу, кәсіби ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ аумақтар мен болашақ қалалардың тұрақты дамуына қатысты заманауи тәсілдерді талқылау үшін маңызды алаң болды.